Компания туралы

Компания туралы

2002 жылы

2002 жылы құрылған Нобел АФФ ТМД елдеріне өз қызметін кеңейтумен қатар, Қазақстандағы жетекші отандық дәрілік заттардың өндірушісі болып табылады.

2003 - 2010 жыл

Компания алты дәрілік затты құны 35 миллион АҚШ доллар тұратын заманауи өндірістік жабдықта өндіре бастады. Нобел АФФ Қазақстанда ең ірі сауда желісі және сауда менеджерлері бар, және кең қолдану саласын қамтитын рецепттік және рецептсіз өнімдерді ұсынды.

2012 жылы

Компанияда Нобел АФФ-ның жоғары сапалы өнімдерін Қазақстан Республикасы және басқа ТМД елдері азаматтарына қол жетімді ету үшін 300-ден астам маман жұмыс істеуде.

2013 - 2020 жылдар

40 млн АҚШ долларынан асатын сомаға инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, GMP халықаралық стандарттары бойынша үш жаңа өндірістік алаң салынды.

2020 - 2022 жыл

Онкологиялық препараттарды өндіретін № 6 ҚТТЦ салуға 5 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. Бүгінгі таңда, Нобел АФФ АҚ фармацевтикалық нарықта сан алуан дәрілік түрлер мен дозадағы 228 дәрілік препарат түрінде ұсынылған 104 молекуланы өндіреді. Тіркеу куәлігінің иесі болып табылтын Нобел АФФ АҚ өнімдері тізімінде 62 импорттық өндіріс өнімі, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар. Нобе АФФ АҚ, ҚР аумағында тіркелгенін растайтын және медициналық мақсатпен қолдануға рұқсат беретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған 290 тіркеу куәлігінің иесі болып саналады. Қазіргі уақытта, «Нобел АФФ» АҚ-ның штатында 500-ден астам қызметкер бар.

Компанияның міндеті

Біздің мақсатымыз

Бүкіл әлемге танымал жетекші қазақстандық фармацевтикалық компания болу.

Біздің түсінуімізше көшбасшылық бұл

Ынталандыру, батылдық, тиімділік, нәтижеге қол жету.

Біздің корпоративтік құндылықтарымыз

Адалдық, шығармашылық, инновациялар, командалық жұмыс.

Біздің міндетіміз

Өмір сапасын жоғарлату.

Сату және маркетинг

Алматыдағы басты офисінен басқа, Нобел АФФ компаниясының Нұр-Сұлтанда, Шымкентте, Оралда, Қарағандыда, Семейде, Қостанайда және Тараздааймақтық офистері бар. Нобел АФФ-ның 120-дан астам маманы дәрігерлер немесе фармацевттер болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық

Нобел АФФ-сы Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға және сыртқы саудасын әртараптандыруға экспорт арқылы өз үлесін қосуда. Компания өз өнімінің 30%-ын ТМД елдері нарықтарына экспорттауда және ол Еуразиялық экономикалық интеграция арқылы экспорт үлесін 50%-ға дейін арттырма.

Сату және маркетинг

Компанияның мақсаттары

Шығарылған өнімінің сапасын жоғарлатуға бағытталған заманауи технологияларды одан әрі жетілдіру, енгізу және қолдану.
Инновациялық дәрілік заттарды шығару және оларды нарыққа шығару.
Сапаны басқару процесіне саналы түрде қатысуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау және қызметкерлердің біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сертификаттар

Бас директордың хабарламасы

Бас директордың хабарламасы

Фармацевтикалық өнеркәсіптегі жаңа көкжиектер

Тәуелсіздіктің жиырма жылында Қазақстан саяси және экономикалық тұрақтылықтың бесігіне айналды. Алдағы жылдары, өзінің бай пайдалы қазбаларының тұрақты дамуына байланысты Қазақстанның жаһандық экономикаға ықпалы күшейеді деп күтілуде.

Бұл даму елдің басшылығы тарапынан жүргізіліп жатқан көреген реформаға байланысты орын алуда. Әлемдік банктің статистикасы бойынша ел жеңіл өнеркәсіп рейтингісінде біртіндеп көтерілуде және ТМД елдерінің көбінен жоғары тұр. Сондай-ақ Қазақстан өндіруші өнеркәсіптің ұлттық экономикаға ықпалын азайту үшін өндірістік базасын әртараптандырмақ. Сонымен қатар, Қазақстанға өте қолайлы Еуразиялық экономикалық интеграция, кәсіпорындардың артықшылықтары мен ықтимал инвесторлар арқылы Қазақстан үшін көп мүмкіндіктер жасауда. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, стратегиялық маңызы бар фармацевтикалық өнеркәсіп басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қазақстандық фармацевтикалық нарығының бағасы шамамен бір миллиард АҚШ долларын құрайды, ал бұл тек отандық өндірістің 15%-ы ғана

Жергілікті фармацевтикалық өндірісті мемлекеттік қолдау, соңғы жылдары фармацевтикалық нарықтың тұрақты өсуі, және жалпы оң макроэкономикалық ахуал жағдайында, Қазақстан мақсатты нарық пен аймақтық орталық ретінде фармацевтикалық компаниялар үшін тартымды жерге айналып келеді.

«Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» компаниясы өзінің он жылдық тарихында бүкіл елдегі және ТМД елдеріндегі тұрақты сауда желісімен қатар, Қазақстанда жоғары сапалы фармацевтикалық өнімдерінің жергілікті өндірушісіне айналды. Біздің жабдықтардың сапасы ұлттық және халықаралық органдармен сертификатталған, ал халықаралық фармацевтикалық компаниялар бізді келісімшартты өндіруші ретінде ұсынып отыр. Сонымен қатар, біздің өндірістік портфолиоміздің кеңеюі, өндіріс пен экспорт көлемдерінің өсуі, сондай-ақ инфрақұрылымды үздіксіз дамуы, біз шын мәнінде сенетін шынайы жарқын болашақтың айқын белгілері болып табылады.


СЕЛЬЧУК ТАНРЫВЕРДИ

Бас директор

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄