Мансап

Мансап

Мансап Барлық бос жұмыс орындары >

Мансап

Өз түйіндемеңізді жіберіңіз
және бәлкім жақында сіз біздің командамыздың бір бөлігі боласыз!

Кадрлік саясатымыз

«Нобел АФФ» АҚ Қазақстан Республикасында фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығаратын жетекші өндірушілердің бірі болып табылады және халықаралық нарықта да дамып келеді.

Біздің міндетіміз — сіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізді ашуға ықпал ету. Біз командада жұмыс істеуді, нәтижеге бағытталуды, құрметтеуді және алға жылжуды жоғару бағалаймыз. Біздің кадрлық саясатымыз — компанияның жетістігінде және сіздің кәсіби өсуіңіздің негізінде жатыр.

Біз қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың жоғары стандарттарына сәйкес келетін еңбек жағдайларын жасаймыз және қолдаймыз. Біздің компаниямыздың құндылықтарының бірі — компаниядағы корпоративтік этиканы және корпаративтік мәдениетті дамыту және қолдау болып табылады.

Қызметкерді жұмысқа алу

Кандидаттарды іріктеу кезінде біз сіздің тек жұмыс тәжірибеңіз бен біліктілігіңізді ғана емес, сонымен қатар басқа да бізге өте маңызды болып табылатын қасиеттерді бағалаймыз, мысалы, сіздің коммунациялық, жеке бас қасиеттеріңіз, уақытыңызды жоспарлау, командада жұмыс істей алу, мақсатқа қол жету, амбициялар және өзін-өзі дамытуға ұмтылу сияқты қабілеттіктер. Біз сондай-ақ өз қызметкерлерімізді «Нобель АФФ» компаниясының корпоративтік құндылықтары мен мәдениетін құрметтеуге де шақырамыз.

Егер сіздің кандидатураңыз іріктеудің бірінші кезеңінен өтсе, онда біз Нобел АФФ-нің кадр маманымен және тиісті бөлімнің басшысымен сұхбатқа шақыруға қуаныштымыз.

Бос жұмыс орнына өтініш беру

Жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді қамтамасыз ету үшін біз командамызға дарынды және өршіл үміткерлерді тартуға тырысамыз. «Нобел АФФ» АҚ қызметкердің лауазымына байланысты, оған түрлі жеңілдіктер ұсынады, атап айтқанда бонустар, транспорт, бензин ваучерлері, ұялы байланыс қызметін төлеу және фабрикадағы дәмді тамақтар.

Егер сіз біздің кәсіби ұйымшыл ұжымымыздың бір бөлігі болғыңыз келсе: Ағымдағы бос жұмыс орындарын көру үшін мына жерге басыңыз немесе сайтта онлайн өтінішті қалдыру үшін төмендегі сілтемеге басыңыз: Онлайн өтініш

(Қазір бізге керек емес) белгілі бір лауазымға өтініш берген жағдайда, барлық өтініштер болашақ бос орындарға арналған кадрлық резерві деректер базасында сақталынады.

Мансапты жоспарлау және оқыту

«Нобел АФФ» АҚ сырттан жаңа қызметкерлерді тартудан басқа, өз қызметкерлерінің кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға ерекше көңіл бөледі, әсіресе жоғары нәтиже көрсеткендерге, өз міндеттерін орындап жүргендерге және мансабын өсіргісі келетіндерге. Компания практикасында дұрыс кадрлік саясатқа байланысты линиядағы жұмысшыдан бөлім бастығы бірнеше рет өсіп шыққан.

Дарынды қызметкерлердің деректер базасын құру мен іріктеудің мақсаты — біздің қызметтестердің кәсіби мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, олардың қанағаттануын арттыру және компанияға адалдығын нығайту болып табылады.

Осылайша, «Нобель АФФ» АҚ-да мансапты жоспарлау мынаған бағытталған:

  •  Жаңа маңызды дағдыларды көбейту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ қызметкердің мансаптық және кәсіптік өсуі мүмкін болуы үшін;
  •  Компания мақсаттарын және қызметкердің кәсіби күтулерімен сәйкестігін үйлестіру.

Жоғары сапалы кадрлық саясатты жүзеге асыру үшін «Нобел АФФ» АҚ өз қызметкерлеріне өздерінің лауазымдарына байланысты оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады. Оқу жоспарына мыналар кіреді:

  •  Бағдарлап оқыту;
  •  Біліктілікті арттыру бойынша оқыту;
  •  Сырттай оқыту (компаниядан тыс).
HR маманымен хабарласыңыз

Егер сізде «Нобел АФФ» жұмысына қатысты қандайда бір сұрақтарыңыз бар болса, онда біз сұрақтарыңызға қуана жауап береміз, біздің кадр бөлімімен байланысу үшін мына адреске hr@nobel.kz мұнда басыңыз, немесе Онлайн өтініш арқылы.

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄