Соңғы жылдары қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі алға үлкен қадам жасады. Алға жылжу айқын көрініп тұр, өйткені 20-25 жыл бұрын республикада дерлік өзінің фармацевтикалық өнеркәсібі жоқ еді. Сол кезде жұмыс істейтін кәсіпорындар халықаралық стандарттардан алыс және ескірген дәрі-дәрмектердің шектеулі ассортиментін жасап шығарды. Нарықтағы айтарлықтай көп үлесті, Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, елге тікелей құйылған шетелдік дәрілік заттар алып жатты. Ол кезде бұған қажеттілік бар еді, себебі кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы болуы мүмкін еді. Уақыт келе, фармацевтика саласындағы жағдай өзгерді. GMP стандарттарына сәйкес (Тиісті өндірістік практика, дәрі-дәрмек өндірісі ережелері жүйесі), фармацевтикалық кәсіпорындар қайта қалпына келтіріліп жаңаланды, ал кейбір жағдайларда жаңадан жобаланды және құрылды. Шетелдік инвесторлар алғашқыда бәсекеге қабілетті өнім шығарғысы келді. Осындай кәсіпорындардың бірінің басшысы, НОБЕЛ АФФ бас директоры Сельчук Тәнріверді Қазақстандағы фармацевтика саласының жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.
- Сельчук мырза, «Нобел АФФ» АҚ Қазақстандағы ең ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың бірі болып табылады, оның өз тарихы мен қазіргі жетістіктері туралы қысқаша айтып берсеңіз.
- «NOBEL Алматы фармацевтика фабрикасы» — түрік фармацевтика өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі болып табылатын Nobel Pharmaceuticals деген компаниялар тобының құрамына кіреді. Қазақстанда, бұл кәсіпорын 2002 жылы Алматы фармацевтикалық фабрикасы негізінде құрылды. Оның құрылған уақыттан бері оның құрылуына және дамуына 70 миллионнан астам доллар жұмсалды. Тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттарына сәйкес, қолданыстағы өндірістік бөлмелерді толық қайта құру және қайта жабдықтау жүргізілді. Бұдан басқа, заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа цехтар салынды. Өндірісті дамыту кезінде өнімдердің ассортимінді кеңейді. Бүгінгі таңда фармакотерапиялық топтардың 250-ден астам дәрі-дәрмек атауы бар. Бұл антимикробтық дәрілік заттар, антибиотиктер, ауыруды басатын, қызу басатын, қабынуға қарсы, антигипертензивті, психикалық ж/е неврологиялық, онкологиялық дәрілік заттар (дәрі-дәрмектер). Компания таблеткалар, капсулалар, кремдер, майлар, сироптар түріндегі өнімдерді шығарады.
Қазіргі уақытта «Нобель АФФ» АҚ өндірістік қуаты — бұл жылына 750 млн таблетка, 250 млн. сироп пен суспензия бөтелкесі, 10 млн. крем мен гельдер тубтары.
- Өнім сапасының кепілдігі не болып табылады?
- «Нобел АФФ» АҚ, тиісті өндірістік тәжірибе (GMP) стандартына сәйкес жұмыс істей бастаған Қазақстандағы алғашқы фармацевтикалық компания болып табылады. Ол сондай-ақ бірінші инспекциядан сәтті өтті және өндіріс шарттарының осы халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды. Бұл анау 2011 жылы болған жағдай. Бұл инспекцияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының қатысуымен өткізіліп, және олардың біздің компаниямызға жоғары баға бергендігін атап өткен жөн.
Содан бері Нобель АФФ бірнеше рет реттеуші органдардың да, трансұлтты фармацевтикалық компаниялардың да тексеруінен өтті, кейіннен олар біздің фабрикада өздерінің түпнұсқалық инновациялық дәрі-дәрмектерді шығару туралы келісімшарттық өндірісін орналыстарды. Мұндай компаниялар фабрикаларды өте мұқият және толық таңдайтындығын атап өту маңызды, себебі олар ешқашан өзінің беделіне қауіп төндірмейді.
- Қазіргі кезде келісімшарттық өндіріс бойынша қандай жобалар жүзеге асырылуда?
- «Нобель АФФ» АҚ, Abbott Products Operations AG деген трансұлттық фармацевтикалық компаниясымен бірге 3-ші буын тамыр кеңейтетін дәрілік зат, яғни 0,2 мг және 0,4 мг Физиотенз® (Моксонидин) деген дәрілік зат туралы келісімшарттық өндіріс жобасын жүзеге асырды.
- Нарық көлеміндегі қанша үлес, отандық дәрі-дәрмек өндірушілерге тиесілі?
- Тек 10 жыл бұрын ғана нарықта тек шетелдік компаниялар ғана жетекші орынға ие болған. Бүгін, жағдай күрт өзгерді. Отандық өндірушілер, өнімдердің сатылымын бірте-бірте арттырып, тиісінше, нарықтағы олардың үлесі артып келеді. Енді ірі қазақстандық компаниялар ТОП-10-ға тұрақты және дәйекті кіреді, ал кейбіреулері тіпті рейтингті де көш бастайды.
IQVIA халықаралық аналитакалық компаниясының есебіне сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартысында 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың үлесі құндық мәнде 4% -ға 30,1-ден 31,3 млрд. теңгеге, ал заттай тұрғыдан - 8,6-ға % 96,1-ден 104,4 млн қаптамаға дейін өсті. Нəтижесінде, 2018 жылдың бірінші жартысында отандық фармацевтикалық өндірушілердің нарықтағы құндық көлеміндегі үлесі 14,2% -ды, заттай тұрғыда - 32% -дан асты. Бұл тоқырау кезінде және тіпті Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың көлемінің төмендеуі кезінде болып жатқанын айта кету керек.
Әрине, көптеген қазақстандық өндірушілердің табысы, мемлекеттік сатып алуларда алатын қолдауы ықпал етеді. Міне, бұл өте дұрыс екенін атап өту маңызды. Маған мүдделі емес және жергілікті өндірісті қолдамайтын мемлекет айтып бересіз бе? Бұл — экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Барлық елдер мұны жасайды.
Бірақ та, біз тек мемлекеттік сатып алу секторында қатысуымызды арттырып қана қоймай, нарықтың басқа қатысушыларымен тең дәрежеде, ешқандай қолдаусыз жұмысымызды істейтін фармацевтикалық сегментте сатылымды жүйелі түрде ұлғайтамыз. Осылайша, отандық фармацевтикалық компаниялар 2018 жылдың бірінші жартысында сату көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетті, бұл фармацевтикалық сегменттің тұтастай алғанда өсуінен айтарлықтай асып түсті, яғни құн жағынан олар 12,7%, қаптама жағынан 13,9% ұлғайды.
«Нобель АФФ» АҚ отандық компаниялар арасында екінші орынды иеленіп, сонымен қатар қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы өндірушілердің жалпы рейтингінде сенімді түрде көтеріліп келеді. IQVIA мәліметтері бойынша 2017 жылдың соңында Нобель АФФ 3,7% үлесімен нарықта 4-ші орынды иеленді.
- Неліктен елдің өз фармацевтикалық саласы болуы маңызды?
- Кез-келген өндірістің болуы әр ел үшін өте маңызды. Бұл экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Фармацевтикалық өндіріс — дәрі- дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, бұл әсіресе өте қажетті және өмірге маңызды дәрі-дәрмектер үшін өте маңызды. Бұл экономика, кадрларды дамыту, медициналық және фармацевтикалық ғылымға үлкен үлес қосады. Біз жоғары білікті мамандардың бар болуына тікелей қызығушылық танытамыз және әрдайым олардың дамуына және өсуіне инвестициялар салатын боламыз.
- Компанияда қанша қызметкер жұмыс істейді?
- Бүгінде біздің компанияда 500-ден астам жоғары білікті мамандар жұмыс істеуде. Біз тренингтер мен қызметкерлерді дамытуға үлкен қаржы бөлеміз. Елде Тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарына сәйкес білетін және жұмыс істейтін ешқандай кадрлар болмаған кезең де болған еді. Оларды ешбір университет дайындаған жоқ. Біз өз мамандарымызды Түркиядағы бас компанияда тәжірибе жинақтаған үздік мамандардың көмегімен дайындадық. Нәтижесінде бізде дәрілік заттардың айналымын реттеу саласында ЕАЭО заңнамасын әзірлейтін және тіпті оған қатысатын жоғары білікті қазақстандық мамандардың бір тобы пайда болды.
- Сіздің өнімдеріңіз қандай елдерге жеткізіледі? Экспорттық стратегия туралы бізге айтсаңыз.
- Біздің өндірісіміз тек ішкі нарыққа ғана арналған емес. Біз өнімдерді Қырғызстанға, Өзбекстанға, Моңғолияға, Ресейге және Белорусияға жеткіземіз. Қазіргі уақытта біз Abbott Products Operations AG компаниясымен бірге өте маңызды жобаны жүзеге асырудамыз. Келісімшарт бойынша кәсіпорынымызда өндірілген «Физиотенз» дәрілік заты Ресейге жеткізілетін болады. Жеткізу көлемі 4,5 млн. қаптаманы құрайды, ал олардың есебінен біздің компаниямыздың өндіріс көлеміндегі экспортталатын өнім үлесі 20%-ды құрайды.
- Компания қай бағытта дамытин болады?
- Инвестициялық жоспарға сәйкес жақын арада кәсіпорынның дамуына қосымша $ 50 млн инвестиция салынады. Жаңа инвестициялар — биологиялық өнімдер мен белсенді фармацевтикалық субстанциаларды өндіруге бағытталатын болады. Осылайша, республикада тек генериктік емес, сондай-ақ биотехнологиялық импорт алмастыру, және де фармацевтикалық заттардың синтезі біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет жасалатын болады.
Қазақстандық фармацевтика — бұл ірі заманауи жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындар пайда болған және олар табысты жұмыс істеп жатқан бүкіл индустрияны құрудың нақты мысалы, өз кезегінде олардың дамуы, ел экономикасын нығайтуға, кадрлық потенциалды қалыптастыруға, фармацевтикалық ғылым мен білім беруді дамытуға ықпал етеді.
Мұнда барлығы шын және нақты.
Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.
Контактілерді көруБіздің компанияның таныстырылымын қараңыз
Көріңіз
Огромное спасибо Вашей Компании за препарат Иммутин, благодаря ему я живу вполне нормальной жизнью вот уже 6 лет. Вы огромные молодцы!