«Нобел АФФ»: қол жеткен нәтижелер және жаңа мүмкіндіктер

«Нобел АФФ»: қол жеткен нәтижелер және жаңа мүмкіндіктер
15.03.2019 Пікірлер: 0

Соңғы жылдары қазақстандық дәрі-дәрмек өндірушілер жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Олар тиісті өндірістік практика халықаралық стандарттарына ауысып, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығара бастады және қазіргі кезде ассортименттерін біртіндеп кеңейтіп, нарықта тиімді импортты алмастыруды жүзеге асыруда. Бірақ одан әрі даму үшін оларға жаңа мақсаттарға қол жеткізу керек. Олар туралы толығырақ бізге - Қазақстанның ең ірі фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі «НОБЕЛ Алматы Фармацевтикалық Фабрикасының» АҚ директоры Сельчук Тәнріверді айтып берген еді.

- Селчук мырза, нарықтағы жағдай туралы айтып беріңізші. 2018 жылы осы саланың нәтижелері қандай болды?


- Нарық күрделі кезеңді кешіп жатыр, дәрі-дәрмектер тұтынудың біршама азаюы және теңгемен есептелген өсуінің баяулауы байқалды. Мәселен, IQVIA халықаралық аналиткалық компаниясының деректері бойынша, 2018 жылы қазақстандық фармацевтика нарығының көлемі 2017 жылға қарағанда 0,1% -ға ғана өсті және 453 млрд. теңгені құрады. Заттай түрде, ол 2017 жылы 0,62 млрд. қаптамадан және 2018 жылы 0,61 млрд. қаптамаға дейін, яғни 1,6% -ға дейін төмендеді. Бұл негізінен көлемдердің стационарлық деңгейде қамтамасыз ету төмендеуіне байланысты. Бірақ біздің мемлекетке құрмет көрсетуіміз керек: 2018 жылы дәрі-дәрмектермен амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету айтарлықтай ұлғайды. Оның теңгемен есептелген өсім көрсеткіші 48%, ал қаптамалар — 31% құрады. Бұл халықтың алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде дәрі-дәрмектермен көбірек, жақсырақ қамтамасыз етілуде деген сөз. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» ЖШС, пациенттер мемлекет кепілдік берген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген бақылай бастады.

Бөлшек сауда нарығының көлемі, яғни халық дәріханада өз қаражаты есебінен сатып алатын дәрі-дәрмектердің көлемі, құны жағынан 8,6% -ға 255-тен 277 млрд. теңгеге дейін өсті, ал қаптамалар саны 0,2% -ға, яғни 0,51 млрд.-қа дейін төмендеді.

Бүгінгі күні осы сала ауқымды реттеуші өзгерістерге ұшырады, сондықтан барлық қазақстандық фармацевтикалық нарықтың қатысушылары үшін 2018 жылғы көрсеткіштер өте маңызды. Олар — жүзеге асырылып жатқан бастамалардың реттеуші әсерінің дәрежесін әрі қарай қадағалауға болатын есептеу нүктесі, оның ішінде сіздің есіңізде болса, барлық дәрі-дәрмектерге бағаны реттеу, оларды әрі жылжыту үшін этикалық нормаларды енгізу, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдерді қадағалау жүйесі бар.

- 2018 жылы Нобель АФФ компаниясының жұмыс қорытындысы қандай болды?

- Біздің компания дәрі-дәрмектерді өндіру, сату және экспорттауды өте жақсы өсуді көрсетті. Асырып айтпай-ақ қояын, бірақ осы көрсеткіштердің өсуі бойынша біз қазақстандық нарықта №1 болдық. 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл біздің тарихымызда бірінші рет фармацевтикалық нарық көлеміндегі үлестері бойынша өндірушілер рейтингісінде үшінші орынды иеленуге, отандық өндірушілер арасында экспорттау бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік берді. Біздің компаниямыздың өндіріс көлеміндегі экспортталатын өнімнің үлесі 30% -ға жетті Енді қазір, біз өнімді Ресейге, Қырғызстанға, Моңғолияға, Өзбекстанға жеткізудеміз, бірақ болашақта экспорт көлемін ұлғайтып, экспорт географиясын кеңейтеміз. Биылғы жылы Ресейге өнім жеткізілімін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және алдағы үш жылда біз Түркияда бірнеше дәрілік затты тіркеуге өтініш бергіміз келеді.

Біз Қазақстанда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Мемлекеттік қолдау мен өндірісті дамытуға инвестиция салудың арқасында «Нобел АФФ» компаниясы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. GMP стандарттарына сәйкес біз қазіргі өндірістік қуаттарды жаңарттық және жаңа цехтарды қайта салып құрдық. Біздің басты мақсат — жоғары сапалы, тиімді және қауіпсіз өнімдерді жасап шығару. Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, GMP ережелерін сақтай отырып, біз өнім портфелін жүйелі түрде кеңейтудеміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие өмірлік маңызды дәрілердің заманауи генериктері бар. Біз көптеген ауруларды емдеуге арналған, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттардың кең спектрін шығарамыз.  Бұл импортты алмастыру тұрғысынан жақсы нәтиже.

- Отандық өндіруші ретінде, компания еліміздің ұлттық экономикасына қандай үлес қосуда?

- «Нобель АФФ» АҚ — отандық отандық фармацевтикалық өндірушілердің бірі, менің айтқанымдай, жақсы дамыған және елеулі өсім көрсетуде. Біз экспортты ұлғайтып жатырмыз, бұл өте маңызды, өйткені біз басқа елден өз ақша айналымына және экономикаға ақша әкелудеміз. Компанияда 500 маман жұмыс істейді. Олар салықтары мен әлеуметтік төлемдері мемлекеттік бюджетке төленетін жалақы алады. Компания салық төлейді және фармацевтика саласының ірі салық төлеушісі болып табылады.

- Кадрларды қалай дайындайсыздар?

- Біз Қазақстанда алғаш рет жұмыс істей бастаған кезде, елде тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарымен, әсіресе GMP-мен таныс болған мамандар жоқ еді. Біз өз қызметкерлерімізді белсенді оқытып дайындадық, шетелге тәжірибе жинауға жібердік, компанияға шетелдік мамандар мен консультанттарды шақырдық. Біз әрдайым кадрларды тәрбиелеп шығарудамыз, содан кейін олар біздің компанияда ұзақ уақыт жұмыс істеуге қалады. Асырып айтпай-ақ қояын, алайда, бүгінгі күні өздерінің консалтингтік кәсіпорындары бар тиісті фармацевтикалық тәжірибе (GxP) саласындағы көптеген қазақстандық мамандар біздің компаниямызда кәсіби жолын бастаған еді. Бізде мұнда олар GxP стандарттарын енгізу саласында жобаларды дайындау және қолдау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін базалық білім алған.

- Даму келешектері туралы айтып берсеңіз?

- Мемлекеттік қолдау бізді қазақстандық нарықта тұрақтануға көмектесті. Бірақ ол енді қанығуға жақын қалды. Сондықтан одан әрі дамуымыз үшін жаңа өнімдердің өндірісін меңгеру және шетел нарықта қатысуымызды кеңейту қажет. Әрине, мұны қолда бар өндірістік қуаттылық негізінде жасау өте қиын. Сондықтан қазір біз жаңа зауыт салу мәселесін қарастырып отырмыз, сонда біз қолда бар ассортиментті ғана емес, сондай-ақ биологиялық өнімдерді де шығаруды жоспарлап отырмыз.

Заманауи медицина толық трансформация кезеңінде тұр, химиялық және фармацевтикалық өнімдер — тиімдірек биотехнологиялық өнімдермен алмастырылуда. Бүгінгі таңда бұл үрдіс дамыған елдерде әсіресе айқын көрінуде. Біріншіден, біз биотехнологиялық компанияларды сатып алу бойынша бұрын-соңды болмаған қалпына келтіруді байқап көріп отырмыз. Бүгінгі күні трансұлттық фармацевтикалық компаниялар оларды тіпті кез-келген ақшаға сатып алуда. Екіншіден, клиникалық практикада анағұрлым көбірек түпнұсқалық биологиялық өнімдер және олардың биосимилярлары қолданылуда. Үшіншіден, биологиялық терапияның алға жылжытатын əдістерін əзірлеу мен зерттеудегі белсенділік байқалуда.

Екі-үш онжылдықтан кейін, олар ауруларды емдеуде кеңінен қолданылатын болады. Сондықтан біз ғылыми-зерттеу және дамыту орталығы (R&D) құру, сондай-ақ биосимиляр өндірісін ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуіміз керек. Қазір Түркиядағы бас компаниямыз мұның бәрін жасап жатыр, сондықтан біз бұл тәжірибені Қазақстанға бере аламыз. Бірақ бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін, әрине, қолайлы, тұрақты экономикалық және реттеуші орта, ең бастысы, еңбек жағдайлары тыныш болуы керек.

- Сіздерге атап айтқанда қандай қолдау қажет?

- Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың сыйымдылығы өте аз, биотехнологияны дамыту үшін халық саны да аз, сондықтан біз шетел нарыққа шығуымыз керек. Өйткені, бұл өте қымбат өндіріс түрі, және ол пайдалы болуы және пайда әкелуі үшін бізге тиісті сату көлемдері қажет. Сондықтан бүгін қазақстандық компаниялардың өнім экспортын қолдау қажет. Және бұл әбден дұрыс, өйткені экономикасы дамыған АҚШ, Германия, Қытай және басқалар елдер сияқты сыртқы нарыққа шығуда өздерінің өндірістік компанияларына жан-жақты көмек көрсетілуде.

- Отандық өндірушінің көзқарасы тұрғысынан, өнімді сәйкестендіру құралдарыменн белгілеу (таңбалау) арқылы өнімге қадағалау жүйесін енгізуді қалай түсіндіре аласыз?

- Өнімді қадағалау жүйесінің енгізілуіне біз өте қызығып отырмыз. Әрине, бұл бізден өте көп инвестицияларды талап етеді, бірақ біз бұған дайынбыз. Қазіргі уақытта қазақстандық нарықта көптеген контрабандалық тауарлар бар. Олар көбінесе Қырғызстан мен Ресейден келеді. Қадағалау жүйесі — жеткізу тізбегін бақылауға мүмкіндік береді және контрафактілік сатылымдардың төмендеуіне ықпал етпек.

Бұл нарықта заңды түрде жұмыс істейтін өндірушілерге, дистрибьюторларға және дәріханаларға өте тиімді. Бұған қоса, мемлекет, денсаулық сақтау жүйесі және ақырғы тұтынушы осыған мүдделі. Өйткені, контрабандалық тауарлар жалған да болуы мүмкін, яғни онда тіпті белсенді зат болмауы да мүмкін ғой.

Мұндай жүйе Түркияда ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді және бұл оның тиімділігін дәлелдеді.  Оның іске асырылуында бастысы — тауар жеткізуші тізбегіндегі барлық қатысушыларға бұл пайдалы болатынын және одан қорықпаудың қажеті жоқ екендігі.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Пікіріңізді қалдырыңыз
және сіз не ойлайтынымызды білетін боламыз!

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄