«НОБЕЛ АФФ» дәрілік заттар экспортын арттыруда

«НОБЕЛ АФФ» дәрілік заттар экспортын арттыруда
13.12.2018 Пікірлер: 1

Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың сыйымдылығы соншалықты үлкен емес. Сондықтан, жергілікті дәрілік заттарды өндірушілер үшін бизнесті дамытудың маңызды бағыты — өнімнің экспорты болмақ. Бұл өндірісті кеңейтуге, жаңа технологияларды трансферлеуге және жаңа өнімдерді шығаруды меңгеруге мүмкіндік береді. NOBEL АФФ-ның басқарушы директоры Светлана Кил бүгінгі таңда қазақстандық фармацевтикалық өндірушілердің осы бағытта қалай жұмыс істеп жатқандығы туралы әңгімелеп береді.

- Светлана Валерьевна, бүгінгі күні NOBEL AFF өнімдері қай елдерге жеткізілуде?

- Қазір біз Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Моңғолияға және Белорусияға дәрі-дәрмектерді жеткіземіз. Біздің компаниямыздың өндіріс көлемінде экспортталатын өнімдердің үлесі біртіндеп артып келеді. Дәрі-дәрмектерді шетел нарыққа жеткізу жеңіл процесс емес екендігін ескеру қажет. Олардың айналымы барлық елдерде қатаң реттеледі, фармацевтикалық өнімдерді импорттау және сатуды бастау оңай емес. Алғашқыда, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, ауру және дәрі-дәрмек тұтыну құрылымы, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді реттеу саласындағы заңнама зерттеледі. Біз оларды өндіруге қойылатын талаптарды нақты түсінуіміз керек. Содан кейін дәрілік заттың мемлекеттік тіркеуі жүргізіледі, оған сәйкес жан-жақты (кешенді) бағалау және оның тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасын сараптау жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрілік зат тіркелген елдегі реттеуші органдар, тексеру үшін зауытқа міндетті түрде баруы керек. Осылайша, олар өндіріс жағдайын Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігін бағалайды және өз қорытындысын жасайды. Тек осы рәсімдерді сәтті аяқтағаннан кейін ғана тіркеу куәлігі беріледі және бізге енді тауарларды жеткізуді бастауға болады. Әдетте, дайындау және тіркеу процесі біраз уақытты алады және айтарлықтай қаржы шығындарын талап етеді.

Дегенмен, экспорттау — өнімді және ассортимент портфелін (қоржынын) дамытуға мүмкіндік береді, өйткені нарықты кеңейтпей, кейбір дәрілік заттарды шығару мүлдем дұрыс емес.  Өйткені бұл үшін жаңа желіні орнатуды немесе жеке цехтың құрылысы қажет болуы мүмкін.

- Компанияның Ресейге экспортты қалай дамытуда, осы туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Бұл өте тартымды нарық және, ең алдымен, дәрі-дәрмектерді тұтыну көлемі жағынан.  Әрине, көптеген фармацевтикалық компаниялар, соның ішінде Қазақстан, өз өнімдерін осы елге жеткізуді ұйымдастыруға тырысады. Нобель АФФ АҚ да тура осылай істеуде. 2015 жылдан бастап, біз трансұлттық «Abbott Products Operations AG» фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп, біз өте маңызды және қызықты жобаны жүзеге асырып келеміз. Келісімшарттық өндіру келісім-шартына сәйкес, Abbott Products Operations AG компаниясының Физиотенз® (Moxonidine) деген түпнұсқалық дәрілік заттың өндірісі екі дозада — 0,2 мг және 0,4 мг-да Нобел АФФ АҚ зауытында жасап шығарылуда. Бұл — артериялық гипертезияны емдеуге арналған үшінші буын гипотензивті дәрілік заты.

Осы дәрілік зат өндірісін іске қосудың алдында Abbott Products Operations AG тарапынан бірнеше инспекциялық тексерулерден өттік, демек бұл біздің зауыттың өндірістік жағдайы GMP стандарттарына сай екендігін растады.

2015 жылы біз осы дәрілік затты Қазақстан Республикасындағы ТМККК қажеттіліктері үшін жеткізуді бастадық және табысты бастағаннан кейін ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастырдық. Нәтижесінде Ресей нарығына арналған Физиотенз® деген дәрілік затын шығару туралы шешім қабылданды.

2018 жылдың 4-ші тоқсанында Физиотенз® дәрілік затының алғашқы сериясы ресей нарығына шығарылды, ал осы жылдың қараша айында-ақ біз осы елге дайын өнімдерді жеткізе бастадық. Ресейде ол мемлекеттік сатып алулар сегментінде ғана емес, сонымен қатар бөлшек сауда нарығында да, яғни дәріхана арқылы тікелей тұтынушыға сатылатын болады.

- Осы жоба «НОБЕЛ АФФ» компаниясына не бермек?

- Біріншіден, оны жүзеге асыру үшін технологиялар трансфері жүргізілген, бұл өндірісті дамыту үшін өте маңызды. Екіншіден, біз халықаралық компаниялар тәжірибесін алуға, атап айтқанда өндіріс тұрғысынан да, трансұлттық жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан да алуға мүмкіндік аламыз.

Бүгінде бұл Қазақстандағы жалғыз жоба. Оның маңыздылығы өте жоғары, себебі отандық кәсіпорынға халықаралық компаниялардың түпнұсқалық өнімдерін орналастыру, қызметкерлердің біліктілігі мен өндірістік қуаттардың халықаралық талаптарға сәйкестігі туралы айтады.

- Светлана айтыңызшы, бұл жоба үкіметтің қолдауына ие болды ма?

- Әрине, экспорт көлемі, еліміздің экономикасына компания үлесін бағалайтын маңызды критерий болып табылады. Сондықтан мемлекет экспортқа кәсіпорындардың бағытталуын ынталандыруға тырысады. Бұл жоба туралы нақты айтқанда, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «ҚАЗАҚ ИНВЕСТ» Ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бірнеше күннен кейін барлық қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Нобел АФФ атынан ел азаматтарын осы маңызды ұлттық мерекемен құттықтаймын!

Мен барлық адамдарға денсаулық, гүлдене беруді, аман-саулық, бақыт, табыс тілеймін!

Пікіріңізді қалдырыңыз
және сіз не ойлайтынымызды білетін боламыз!

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄