Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі. Енді қай бағытта жылжу керек?

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі. Енді қай бағытта жылжу керек?
26.12.2019 Пікірлер: 0

Қазақстан – импортқа тәуелді ел, экономикалық дамуды, кадрлардың көбеюін және халықтың жұмыспен қамтылуын тек өз өндірісінің дамуымен ғана қамтамасыз етуге болады деген пікірлер жиі айтылады. Бірақ мұнымен бірге біз мұндай жобалардың елімізде сәтті жүзеге асырылып жатқандығын байқамаймыз және бағаламаймыз. Мысал ретінде он жарым (10,5) жылдан астам уақыт ішінде ауқымды өзгерістер болған фармацевтика өнеркәсібі саласын келтіруге болады. «НОБЕЛ Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ атқарушы директоры Светлана Кил ханым қол жеткізілген жетістіктер туралы және келешекте не істеу керек екенін айтып береді.

- Светлана Валерьевна, елде дамыған фармацевтикалық өнеркәсіптің болуы неге маңызды?

- Дәрі-дәрмектер (дәрілік заттар) халыққа қажетті әлеуметтік маңызы бар өнімдер. Әрине, мүмкін болса, оларды елдің ішінде шығарған жөн. Өйткені олардың науқастарға қол жетімділігі дәл осылай қамтамасыз етіледі, әсіресе түпнұсқалық дәрі-дәрмектерге қарағанда арзан генериктер туралы айтатын болсақ. Әсіресе, патенттік қорғау мерзімі аяқталғаннан кейін, шетелдік өндірушілер дәрі-дәрмекті Қазақстан нарығына тез арада шығаруға әрдайым дайын емес екендігін ескерген өте маңызды (әсіресе қазіргі қиын және қатаң реттеу жағдайларында) және егер де дәрі-дәрмектер шетелден толық жеткізілсе, біздің науқастар үшін олар бірнеше жылдан кейін қол жетімді болатын еді. Бұл кемшілікті жергілікті фармацевтикалық өнеркәсібі жою мүмкін. Ал жергілікті зауыттар мұндай дәрі-дәрмектердің өндірісін ертерек ұйымдастыра алады, және тиісінше науқастардың емделуіне ертерек мүмкіндік пайда болады.

- Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі соңғы жылдары өзінің дамуында сапалы түрде алға қадам басты. Бұл неге болғанын айтып кетсеңіз?

- Бұл рас, 20 жыл бұрын, және бұл онша көп емес уақыт ішінде, еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіпте шектеулі ассортиментті (өнім түрлерін) шығаратын бірнеше кәсіпорындар ұсынылған болатын, және әрине, олар тиісті өндіріс практикасының (GMP) халықаралық стандарттарына сай емес болатын. Дерлік барлық дәрі-дәрмектер шетелден жеткізіліп тұратын. Сол кезде фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, салаға инвестициялардың келуіне ықпал ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар қаулылары қабылданды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында елде заманауи зауыттар салынып, кадрлар халықаралық стандарттарға сай оқытылды. Өнімнің ассортименті (түрлері) мен көлемі біртіндеп өсті. Осы процеспен қатар заңнама да жетілдірілді. Дәрі-дәрмектер айналымының барлық кезеңдеріне, ең алдымен өндіріске қойылатын талаптар халықаралық стандарттарға сәйкес келтіріліп, одан да қатаң бола бастады. Бүгін еліміздің азаматтары қолданатын дәрі-дәрмектердің әрбір үшінші қаптамасы – Қазақстандыкі. Бұл шетелдік өнімнің сапалы отандық өніммен алмасатын шынымен де импорттық алмастыру екенін атап өткен жөн.

«НОБЕЛ АФФ» компаниясы Қазақстан нарығына 2002 жылы келді және бірден инвестициялармен келді және осы жерде өндірісті ұйымдастыруға ниет білдірді. Негізінде, бұл елімізде GMP стандарттарына сәйкес құрылған алғашқы өндіріс болды. Ол бірінші болып инспекциядан өтіп, GMP сертификатын алды.

Кәсіпорында GMP сертификатталған бес (5) өндірістік цехы бар. Өндіріс қуаттылығы – 750 миллион таблетка, қабықшамен қапталған таблетка мен ұнтақтар; 250 миллион капсула; 20 миллион сироп пен суспензия; 10 миллион түтік (туб) кремдер мен гельдер. Жиі мен сирек кездесетін ауруларды, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған жоғары сапалы импортты алмастыратын дәрі-дәрмектердің ассортимент (өнім түрлері) 250-ден асады.

- Компанияда өнімнің сапасын қалай бақылайды?

- Бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. Компания тиісті өндірістік практиканың (GMP) талаптарын ымырасыз және қатаң түрде орындайды. Өндіріс барысында дәрі-дәрмектердің сапасына әсер етуі мүмкін барлық қауіптер ескеріледі. Әр кезең қатаң түрде бақыланады. Фабрикада өндірісті ішкі бақылау зертханалары (лабораториялары) бар. Олардың барлығы халықаралық зертханалық тәжірибе (лабораториялық практика) талаптарына сәйкестігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен аккредиттелген және олар ең озық жабдықтар мен өлшеу құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар, барлық дайын өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығындағы» ШЖҚ РМК мемлекеттік зертханасында бақылаудан өтеді.

- ЕАЭО-ға мүше елдер үшін бірыңғай фармацевтикалық нарықты құруға байланысты болашақта қандай мүмкіндіктерді көресіз?

- Бірыңғай фармацевтикалық нарық ресми түрде 2017 жылдың мамыр айында жұмыс істей бастады. Осы сәттен бастап ЕАЭО ережелеріне сәйкес дәрі-дәрмектерді тіркеуге мүмкіндік туды. Дәрі-дәрмектердің бір нарықта айналымын реттейтін заңнаманы әзірлеу кезінде әлемдік озық тәжірибе негіз болған атап кеткен жөн. Нәтижесінде, талаптар мен стандарттар тұрғысынан алып қарағанда, нарыққа барлық қатысушылар, соның ішінде қазақстандық өндірушілер әлемдік стандарттарға айтарлықтай жақындады. Бұл – жергілікті фармацевтикалық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жақсарды деген сөз. Бірақ мұның басты пайдасын, әрине, мемлекет пен тұтынушылар көрді, өйткені олар Қазақстанда өндіріліп жатқан жоғары сапалы дәрі-дәрмектерге ие болды.

Әрине, Ресейлік нарық қазақстандық компаниялар үшін ең тартымды болып табылады. «НОБЕЛ АФФ» компаниясы келешекте даму мүмкіндіктерін ескере отырып, өз өндірісін кеңейтуде. Жақында жаңа цех іске қосылды, оны жобалау кезінде барлық жинақталған тәжірибе ескерілді. Ол GMP стандартына және фармацевтикалық өндірістің ең қатаң талаптарына сай келеді. Сонымен қатар, «НОБЕЛ АФФ» компаниясы трансұлттық фармацевтикалық компаниясымен ынтымақтастық орнатып, ол өзінің «дәрі-дәрмектерін» шығаруға арналған келісім-шарт алаңы ретінде «НОБЕЛ АФФ-сын» таңдады. Бүгінде олар тек қазақстандық нарыққа шығарылып қана қоймай, Ресейге де экспортталуда.

- Қазіргі кезде қазақстандық өндірушілер үшін не маңызды?

- Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қанығуға жақын. Сондықтан әрі қарай даму үшін жаңа өнімдердің өндірісін игеріп, шет ел нарығына қатысуды кеңейту қажет. Бұл отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті одан әрі дамуы мүмкін емес болып табылатын екі (2) негізгі бағыт. Алайда бұл үшін, әрине, жағдайлар жасау қажет. Біріншіден, қолайлы, тұрақты экономикалық және реттеуші орта. Екіншіден, осы екі (2) бағытты қолдау. Бұл осы салаға инвестициялардың көбеюіне ықпал етеді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен барлық қазақстандықтарды бүкіл «НОБЕЛ АФФ» ұжымы атынанн өткен мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді! Сондай-ақ мен еліміздің азаматтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтағым келеді. Сіздерге сәттілік, өркендеу, ең батыл жобаларды жүзеге асыруды тілеймін! Біздің елде бейбітшілік пен өркендеу болсын!

Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасының атқарушы директоры Светлана Киль ханым қол жеткізілген жетістіктер туралы және келешекте не істеу керек екенін айтып берді.

Пікіріңізді қалдырыңыз
және сіз не ойлайтынымызды білетін боламыз!

Барлық сұрақтар немесе ұсыныстар?

Сізге ыңғайлы телефонда бізге хабарласыңыз немесе бізге жазыңыз.

Контактілерді көру

Біздің компанияның таныстырылымын қараңыз

Көріңіз
˄