Белсенді субстанция: Ципрофлоксацин
Терапиялық топ: Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолданылатын бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар –хинолон туындылары. Фторхинолондар. Ципрофлоксацин. АТХ коды J01MA02
Шығару түрі: 5 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.
Дозировка нысаны: Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 750 мг
Нұсқаулықты көшіріп алу