Белсенді субстанция: Азитромицин
Терапиялық топ: Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолданылатын бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин. АТХ коды J01FA10
Шығару түрі: 9 мл тазартылған судан шеңбердің ¼ бөлігінде ашылатын «twist-off» типті қақпағы бар мөлдір пластик ампулаларға құйылады. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады. 16.0 г ұнтақтан алғаш ашылуы бақыланатын бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалған ақ түсті пластик құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құты жиынтықта өлшеуіш пластмасса қасығымен, 9 мл тазартылған суы бар пластик ампуласымен немесе өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Дозировка нысаны: Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 200 мг/5 мл
Нұсқаулықты көшіріп алу